ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығы сауда үйлерінде сүт безі қатерлі ісігі туралы ақпарат беру мақсатында акция өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сүт безі обыры - әйелдер арасында жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі. Бұл дерт Қазақстандағы онкопатологиялардың құрылымында жетекші орын алады. Былтыр елде 5500-ден астам әйел осы дертке шалдыққан.
Осы тұста 19 қазан күні сағат 09:00:13.00 аралығында ШҚО КОжХО-да сүт безінің қатерлі ісігін ерте диагностикалау мен алдын алуға арналған Ашық есік күні өтеді. Бұл күні облыс тұрғындары орталықтың жетекші мамандарынан дәрігердің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан кеңес ала алады. Өзіңізбен бірге тек жеке куәлігіңіз болуы керек.
Ашық есік күні Потанин көшесі, 6, 2-корпус мекенжайы бойынша онкологиялық орталықтың стационарында өтеді.
Анықтама телефондары: 8(7232)489-151, 8778-003-78-45.
Пікірлер