21 желтоқсан сағат 21:00 шамасында Өскемен-Семей тасжолының 28 шақырымында полиция қызметкерлері жол жиегіне шығып кеткен көлік жүргізушісіне көмек көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тәртіп сақшылары аталған учаскеде қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жолды қардан тазалап, көлік қозғалысын қайта қалпына келтірді.
Осы ретте ШҚО Полиция департаментінің өкілдері жүргізушілерге қала сыртындағы тасжолдарда кешкі және түнгі уақытта жылдамдық пен қашықты қатаң сақтап, ауа райы мен жол жағдайын ескеру қажет екенін еске салады.
Пікірлер