A+ A A-

talgatzhan 44 18-10-2024, 11:03 0

Өскеменде Журналистер клубының көшпелі отырысы өтіп жатыр

Бүгін / Өскемен

Қазақстан Халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы мұның алдында Ақтөбе мен Қостанай қалаларында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Шара модераторы, “Қоғамдық келісім” РММ директорының орынбасары Әсел Артакшинованың сөзінше, басқосу - журналист, блогерлермен қатар, белсенді студенттерді бір ортаға топтастырды. Отырыстың негізгі мақсаты - ұлтаралық шеңберде ақпарат таратудың оңтайлы жолын қалыптастыру һәм Қазақстан Халқы Ассамблеясының жұмысын көрсету. Мұны ұйымдастыруға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің “Қоғамдық келісім” мекемесі, Қазақстан Халқы Ассамблеясы және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мұрындық болған. Модератордың кіріспе сөзінен соң ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин баяндамасымен таныстырды. 
- Ел аумағында 120-ға тарта ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әр этнос қоғамның ажырамас бір бөлігі. Бүгінде ұлтаралық жанжалдар тіркеліп жатқан жоқ. Түсініспеушіліктер болса, тек бірнеше адам арасында тұтануы мүмкін. Татулық туын түсірмес үшін алдымен әлеуметтік желілердегі этностардың өзара өшпенділіктерін болдырмау қажет. Қазақстан Халқы Ассамблеясы барлық ұлттың мүддесін қорғайды, - деді Ғалым Нұрмағамбетұлы.
Жауапты тұлғалар ұлт деген ұғымның мемлекет деген сөздің синонимі болатынын жеткізді. Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Валентина Миронова өңір көлемінде 8 Достық үйі бар. Яғни, бұл республика көлемінде ең жоғарғы көрсеткіш.
Мәлім болғандай, Журналистер клубына биіл 15 жыл толды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив