A+ A A-

talgatzhan 36 18-10-2024, 16:41 0

Бұқтырма көпірін ресми ашылу рәсіміне дайындауда

Бүгін / ШҚО

Қазір Самар ауданында көпірге апаратын жолдағы жұмыстар аяқталуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазіргі таңда асфальт төселіп, қоршаулар мен ұлттық нақышта безендендірілген жарық бағаналары орнатылды. Дегенмен, көпір маңайында жұмыс әлі де жалғасуда. Онда автокөлік тұрағы мен тікұшаққа арналған алаң жабдықталып жатыр. 
Ал 17 шақырымдық учаскесінде асфальттың жоғарғы қабатын төсеу аяқталуда. Жол қиылысына жақын аумақ та асфальтталуда. Жұмысшылар жол жиектеріне құм төгіп, нығыздап жатыр. 
Қыста жолды қалың қар баспас үшін қар ұстайтын қабырғалар тұрғызылып, жол астына су өткізгіш құбырлар төселген. 
Кіреберіс жолға жол белгілерін орнатылып қойды. Кей аумақта жүру жылдамдығы сағатына 40 шақырымға дейін төмендейтін болады. Көпірге кіреберісте бұрылыс бар. Онда көлікпен басып озуға тыйым салынған. 
Айта кетейік, көпірдің ресми ашылу күні әлі белгісіз.

Фотосурет: primeminister.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив