Облыс орталығында мопед қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының саны күрт өсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Салдарынан жүргізушілер түрлі жарақат алып, ауруханаға түсуде. Полицейлердің айтуынша, оқыс оқиғалардың көбеюіне кәмелетке толмағандардың қала ішінде мопедпен қозғалуы әсер етіп отыр.
— Биыл мопед пен скутерлердің қатысуымен 70-ке жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан 79 адам зардап шеккен, оның 39-ы кәмелет жасқа толмағандар. Сондай-ақ мопед пен скутер жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуының 150-ден астам фактісі белгілі болды, - дейді Өскемен қалалық полиция басқармасының жол-көлік оқиғасы бөлімінің бастығы Сергей Коваленко.
Пікірлер