A+ A A-

talgatzhan 37 21-10-2024, 10:31 0

Өскемендегі онкологиялық орталықта 90-нан астам адам Ашық есік күніне қатысты

Бүгін / Өскемен

ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында сүт безінің қатерлі ісігін ерте диагностикалау және алдын алуға арналған Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Оған 90-нан астам адам келіп қатысты. Әр әйел онколог-маммологтың тексеруінен өтіп, тиісті ұсыныстар алды. Орталық мамандары сүт безінің ультрадыбыстық зерттеуін жүргізіп, қажет жағдайда пункция немесе трепан биопсиясын алды. Өңірдегі МСАК ұйымдарында да Ашық есік күндері өтті. 
Осы тұста онкологтар қатерлі ісікті ерте диагностикалау емдеу болжамдарын айтарлықтай жақсартатынын атап өтті. 40 жасқа дейінгі әйелдер жылына бір рет сүт безінің ультрадыбыстық зерттеуінен, 40 жастан кейін екі жылда бір рет маммографиядан өту керек.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив