«Қазгидрометтің» мәліметінше, облыс аумағында боран соғып, желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта тұман түседі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осыған байланысты республикалық маңызы бар бірқатар тасжолда қозғалыс қиындауы ықтимал: Өскемен – Семей, Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы, Өскемен – Риддер – РФ шекарасы, Өскемен – Қалбатау, Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының облыстық филиалы жүргізушілерді жолда сақ болуға және сапарды жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.
Қосымша ақпаратты «КАЖсервис» ЖШС облыстық филиалының диспетчерлік қызметінен 8 (777) 535-89-08 нөмірі арқылы немесе 1403 call-орталығына хабарласу арқылы білуге болады.
Пікірлер