A+ A A-

talgatzhan 43 21-10-2024, 12:31 0

Өскеменде жастарға арналған комьюнити орталық ашылады

Бүгін / Өскемен

Желтоқсан айында қала жастары үшін жаңа орын пайда болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ғимарат ішінде би студиясы, дыбыс жазу студиясы мен коворкинг алаң ұйымдастырылмақ. Орталық Жібек жолы көшесіндегі «Ertis city» тұрғын үй ауданында орналасқан. 
- Бұл ғимаратта жолаушылар тасымалын басқару орталығы жұмыс істеген. Енді жастарға арналған орталық құру туралы шешім қабылданды. Мұнда жастардың тиімді уақыт өткізуі үшін жағдай жасалмақ. Подкаст жазуға, конференциялар өткізуге мүмкіндік болады. Қазір ғимаратта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ішкі дизайны заманауи үлгіде жасалатын болады, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.
Аталған орталық желтоқсан айында ашылады деп жоспарлануда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив