A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 10:05 0

ШҚО-да 71 елді мекенге су тасқыны қауіпі төніп тұр

Бүгін / ШҚО

Өңірде су тасқыны мен қарғын су басу қаупі бар 71 елді мекен анықталды. Онда 3 573 тұрғын үй орналасқан, 8 638 адам тұрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Су тасқынына дайындық аясында былтыр жаз–күз айларында Глубокое, Катонқарағай, Шемонаиха, Алтай, Самар, Марқакөл, Үлкен Нарын, Ұлан және Күршім аудандары мен Риддер қаласында инженерлік қорғау шаралары жүзеге асырылды. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, ұзындығы 900 метр болатын қорғаныс бөгеттері жөнделді. Өзен арналары тереңдетіліп, түзетілді, арықтар тазаланып, жаңадан салынды. Су өткізу арналары бойынша ұзындығы 13 072 метр инженерлік жұмыс атқарылды. Көпірлер мен автокөлік жолдарын салу және жөндеу бойынша төрт жоба іске асырылып, бір гидротехникалық нысан жөндеуден өтті.

Төтенше жағдайда жедел әрекет ету үшін 3 106 адам, 674 техника, 11 әуе кемесі, 89 жүзу құралы және 242 мотопомпа жұмылдырылуға дайын. 21 мың адамға арналған 182 уақытша орналастыру пункті дайын тұр.

Халықты дер кезінде ақпараттандыру үшін 48 сирена-сөйлеу құрылғысы, SMS-хабарламалар, теле-радио арналарын автоматты түрде қосу, «Дәрмен» мобильді қосымшасы пайдаланылады. Сондай-ақ «Mass Alert» жаппай хабарлау жүйесі іске қосылмақ.

Су тасқыны жағдайы «ШҚО әкімінің ахуал орталығы» ақпараттық жүйесі арқылы бақыланып отырады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив