Өскемен – Риддер тасжолында Toyota Alphard маркалы көлігінің жүргізушісі қашықты сақтамай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жүргізушінің ойланбай жасаған әрекеті өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін апаттық жағдайдың туындауына себеп болды.
Белгілі болғандай, аталған бұзушылық бір жыл ішінде қайталанып отыр. Жүргізуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы ретте ШҚО Полиция департаменті жүргізушілерді барынша сақ болуға, жол ережелерін қатаң сақтауға және қарсы бағытқа шығып, қауіпті басып озудан бас тартуға шақырады.
Пікірлер