A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:25 0

Өскеменде үй алмақ болған әйел алаяққа 3 млн теңге берген

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

Қалалық полиция басқармасына қарасты Ертіс полиция бөліміне қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жәбірленушінің айтуынша, 2023 жылдың желтоқсан айында ол тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесу қызметтері туралы жарнаманы көрген. 
Бір әйел оның сеніміне кіріп, ипотекалық несие рәсімдеуге көмектесуге уәде беріп, 3 млн теңгеден астам ақшасын иемденген. Алайда ақшаны алғаннан кейін байланысқа шығуды тоқтатқан.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. күдіктіге қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив