Континенталдық кубок аясындағы кезекті ойында Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы Францияның «Дюк Д’Анже» командасымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кездесудің 52-минутына қарай қазақстандық команда 0:2 есебімен ұтылып жатқанымен, жігер танытып есепті теңестірді. Александр Панченко мен Эрик Алдабергенов соққан шайбалар «Торпедоға» ойынды овертаймға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.
Алайда овертаймда шешуші шайбаны қарсылас команда соғып, «Торпедо» бір ұпаймен шектелді. Соған қарамастан, бұл нәтиже өскемендік хоккей клубының турнирдің финалдық кезеңіне өтуіне жеткілікті болды.
Матч нәтижесі: «Торпедо» – «Дюк Д’Анже» 2:3 (0:0, 0:0, 2:2, 0:1) Александр Панченко матчтың үздік ойыншысы атанды. Енді «Торпедо» ХК алдағы суперфиналда бірінші орынға таласпақ.
Пікірлер