Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәселен, Өскемендегі Космический, Островский, Согринская көшелері мен Сәтбаев даңғылындағы автотұрақтарда, «Заря» бау-бақша серіктестігінің аумағында, Шұғыла көшесіндегі жер үйдің ауласында көліктер отқа оранды.
Ал Күршім ауылында Б. Момышұлы көшесіндегі автотұрақта тұрған Renault Magnum жүк көлігі өртенді.
Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау, көліктің электр жабдықтарына салғырт қарау салдарынан туындайды.
Осы ретте ШҚО ТЖД өкілдері келесі ережелерді еске салады: техникалық қызмет көрсетуден уақтылы өту; дабыл жүйесі мен алдын ала қыздыру құрылғыларын тек мамандандырылған орталықтарда орнату; көлік салонында әрдайым 2 литрлік ұнтақты өрт сөндіргіш болуы тиіс; барлық электр жабдығының жарамдылығын қадағалау; сақтандырғыштарды пайдалану; көлікті жылыту үшін қолдан жасалған жылыту құрылғыларын, ашық от көздерін пайдаланбау.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу керек.
Пікірлер