A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 15:00 0

ШҚО-да ертең -40 градус аяз болады

Бүгін / ШҚО

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 20 қаңтарда түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен орталығында тұман түседі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз аймақтың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде өңірдің солтүстігі мен шығысында -40 градус аяз болады. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері азаматтарға алыс жолға шығудан бас тартуды ұсынады. Жүргізушілер көлікті жылыту үшін ашық отты пайдаланбаған жөн.

Пешті ұзақтығы 1,5 сағаттан аспайтындай жағу керек. Алайда шектен тыс қыздыруға болмайды. Электр жылытқыштарының жағдайына да назар аудару қажет. 

Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыздар.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив