A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 16:30 0

ШҚО-да қандастарға 200 квота бөлінді

Бүгін / ШҚО

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 8 278 адам болып бекітілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Квота Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған өңірлерге халықты оңтайлы қоныстандыру мақсатында белгіленген.

Қандастар үшін бөлінген квота:

Павлодар облысы – 977 адам

Ақмола облысы – 285 адам

Абай облысы – 264 адам

Шығыс Қазақстан облысы – 200 адам

Солтүстік Қазақстан облысы – 200 адам

Қостанай облысы – 200 адам

Атырау облысы – 125 адам

Батыс Қазақстан облысы – 30 адам

 

Қоныс аударушылар үшін бөлінген квота:

Солтүстік Қазақстан облысы – 2 820 адам

Павлодар облысы – 1 655 адам

Шығыс Қазақстан облысы – 600 адам

Қостанай облысы – 485 адам

Абай облысы – 275 адам

Ұлытау облысы – 125 адам

Қарағанды облысы – 37 адам

 

Өңірлік квотаға енгізілген қандастар мен қоныс аударушыларға бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі. Атап айтқанда:

Көшуге арналған субсидия – отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде біржолғы төлем;

Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге төлем үшін 12 ай ішінде бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін субсидия;

Қоныс аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілерге 400 АЕК көлемінде субсидия;

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама беру;

Жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға қолдау көрсету;

Тұрғын үй сатып алуға арналған экономикалық мобильділік сертификаттарын беру.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив