18 қаңтар сағат 21:30 шамасында Күршім аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Руслан Керейбаев рейд барысында тасжолда қауіпті жағдайға тап болған жүргізушіге көмек көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Күршім-Үлкен Нарын тасжолында ауа температурасы -40 градус аязда ер адамның көлігі бұзылып қалған. Тәртіп сақшысы оған көмек көрсетіп, тұрғылықты мекенжайына дейін жеткізді.
Осы ретте ШҚО Полиция департаментінің өкілдері жүргізушілерге қала сыртындағы жолға шыққанда ауа райы мен көліктің техникалық күйін ескеру қажеттігін еске салады.
Пікірлер