A+ A A-

talgatzhan 15 Бүгін, 14:20 0

ШҚО-да тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты басталды

Бүгін / ШҚО / Спорт

Өскеменде ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сайысқа облыс орталығы мен Ұлан, Зайсан, Самар аудандарынан келген 28 спортшы қатысып жатыр. 

Зияткерлік ойында 1 спорт шебері, 12 спорт шеберіне кандидат және 1-ші разрядты 15 ойыншы бақ сынауда. Ерлер арасында 16 қатысушы, ал әйелдер арасында 12 қатысушы тіркелді. .

Чемпионат нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен марапатталады. Ал 1 және 2 орын алған спортшылар ақпанда өтетін республикалық чемпионатта облыс намысын қорғауға жолдама алады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив