A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:25 0

Өскеменде көркем гимнастикадан ШҚО чемпионаты өтуде

Бүгін / ШҚО / Спорт

Облыс құрамасына кіру үшін жеке есепте 130 гимнаст және топтық жаттығуларда 14 команда бақ сынауда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ең тартысты бәсеке жеке бағдарлама бойынша спорт шеберіне үміткерлер (СШҮ) арасында байқалады, оған 70 қатысушы тіркелген. 

1-ші ересектер разрядында 44 спортшы өнер көрсетсе, 6 спорт шебері жоғары дайындық деңгейін паш етуде.

Топтық көпсайысқа 14 ұжым қатысуда. Оның ішінде 6 команда 1-ші разряд бағдарламасы бойынша, 6 команда спорт шеберіне үміткер, 2 команда спорт шебері бағдарламасы бойынша сынға түседі. 

Нәтижесінде республика чемпионатына қатысатын облыс құрамасы жасақталады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив