A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 14:45 0

ШҚО-да 33 қылмыстық іс тіркелді

Бүгін / ШҚО / Қылмыс

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, өңірде небәрі бес күннің ішінде түрлі дәрежедегі қылмыстар бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

31 желтоқсан - 4 қаңтар аралығында облыс бойынша 33 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

- Көбі жеңіл және орташа дәрежедегі құқық бұзушылықтарға жатады. Ал ауыр қылмыс фактілері сирек кездеседі. Мәселен, 31 желтоқсанда Өскемен қалалық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктіні тез арада ұстады. Тергеу барысында қылмыстың тұрмыстық себептерге байланысты болғаны анықталды. Бұдан бөлек, екі тонау және бес алаяқтық оқиғасы белгілі болды. Аталған фактілер бойынша тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Қазбек Тақжанов. 

Айта кетейік, мереке күндері облыс бойынша көлік ұрлығы тіркелген жоқ. 

 

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив