6-8 ақпан аралығында Күршім ауданында ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Күршім аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен құсбегіліктен облыс чемпионатының салтанатты ашылуы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жарысқа өңірдің түкпір-түкпірінен жиналған 30-ға жуық құсбегі қатысады.
Спорттық іс-шара бүркіт және қаршыға салу сынды екі негізгі бағыт бойынша өтіп, құстардың қырағылығы мен бапкерлердің шеберлігі сыналады.
Пікірлер