ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі ШҚО бойынша департаментінің әскери қызметшілері “Қан тапсыр — өмір сыйла” атты акциясына қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шекарашылар күн сайын ел қауіпсіздігін күзетсе, бұл күні олар ең қымбат құндылық — адам денсаулығы мен өмірін қорғауға дайын екендерін тағы да дәлелдеді.
Донор күні аясында қызметкерлер ерікті түрде қан тапсырып, оның қан құюға мұқтаж науқас үшін шешуші маңызға ие екенін терең түсінді.
Шекара қызметінде Донор күні осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл игі дәстүрдің қалыптасып келе жатқанын, жеке құрамның жоғары әлеуметтік жауапкершілігін айқын көрсетеді. Мұндай бастамалар донорлық қозғалысты нығайтып қана қоймай, бүкіл қоғам үшін үлгі болады.
Пікірлер