Облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы қызметкерлері қаладағы №26 мектепке барып, «ÓRT-BOLSA-DEREU-HABARLA» республикалық акциясы аясында түсіндіру жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шара барысында оқушыларға өрт кезінде жедел қызметтерді дұрыс әрі жедел шақыру тәртібі, өрттің шығу себептері және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі жан-жақты түсіндірілді. Құтқарушылар тұрмыста жиі кездесетін қауіпті жағдайларға тоқталып, балалардың сақтық шараларын есте сақтауына баса мән берді. Алынған білімді тәжірибе жүзінде бекіту мақсатында мамандар оқушыларға өрт жағдайын модельдеп көрсетіп, қауіп төнген сәтте өрт сөндіру қызметін қалай дұрыс шақыру керектігін іс жүзінде тексерді.
Айта кетейік, мұндай профилактикалық шаралар өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын дамытуға бағытталған.
Пікірлер