A+ A A-

talgatzhan 35 Кеше, 15:25 0

ШҚО-ға былтыр 838,1 млрд теңге инвестиция тартылды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы облыс әкімдігі отырысында ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Нұрсұлтан Маратов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, инвестициялардың негізгі бөлігі Өскеменге (49,6%) бағытталды.
– Ең жоғары өсім Катонқарағай (274,7%), Тарбағатай (155,0%) және Марқакөл (148,8%) аудандарында тіркелді. Ал инвестициялар көлемінің төмендеуі Риддер қаласында, (92,1%), Самар (95,8%), Глубокое (93,0%), Алтай (65,0%) және Күршім (27,8%) аудандарында байқалады, – деді Нұрсұлтан Маратов. 
Айта кетейік, өткен жылы өңірдің өнеркәсіп саласына 303 млрд теңге, көлік және қойма саласына 159,9 млрд теңге, денсаулық сақтау саласына 72,6 млрд теңге, ауыл, балық және орман шаруашылығы саласына 40,7 млрд теңге тартылды. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив