A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 16:15 0

ШҚО-дан былтыр алты елге тауар экспортталды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Нұрсұлтан Маратов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, 2025 жылы тауар айналымының көлемі 2,5 трлн теңгеге жетті (бөлшек сауда – 1,4 трлн теңге, көтерме тауар айналымы – 1,0 трлн теңге).
Ал сыртқы сауда айналымы 4,4 млрд АҚШ долларын құрады (экспорт – 2,6 млрд доллар, импорт – 1,8 млрд доллар). 
– Шығыс Қазақстанның сыртқы саудадағы ең ірі серіктестерінің ішінде Ресей Федерациясы (25%), Қытай Халық Республикасы (24,3%), Қырғызстан (10,2%), Түркия (7,6%), Өзбекстан (4%) және Мексика (4%) бар, – деді Нұрсұлтан Маратов.
Айта кетейік, облыстан металдар мен олардан жасалған бұйымдар, жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары, жабдықтар, аспаптар мен аппараттар экспортталса, өзге елдерден көбінесе минералды өнімдер мен көлік құралдары импортталады. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив