Бүгінде өңірде 2,9 мың дәрігер және 7,7 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Нұрсұлтан Маратовтың сөзінше, өңірге тағы 132 маман қажет.
– Облыста 44 жалпы тәжірибе дәрігері, 2 педиатр, 8 акушер-гинеколог, 4 отоларинголог, 5 невролог, 7 анестезиолог-реаниматолог, 4 терапевт, 8 кардиолог, 4 хирург, 6 офтальмолог, 5 психиатр, 4 реабилитолог, 3 дерматовенеролог, 2 рентгенолог және 2 эндоскопист тапшы. Кадрларды толықтыру мақсатында 6 резидент оқуын жалғастыруда, тағы 55 адам жергілікті бюджет есебінен білім алып жатыр, – деді Нұрсұлтан Маратов.
Сондай-ақ былтыр Түркия, Германия және Ресей емханаларында 420,1 млн теңгеге 72 маман оқыды.
Айта кетейік, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында соңғы 3 жыл ішінде облыста 8,1 млрд теңгеге 36 медициналық нысан салынды.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер