Бұл туралы ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қаджибекова мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өткен жылы өңірде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 554,6 млрд теңгеге жетті.
– Былтыр ауыл шаруашылығы саласына 40,7 млрд теңге инвестиция тартылды. Ал тамақ өнімдерін дайындауға бағытталған инвестициялар 3,9 млрд теңгеге жетті. Жалпы жыл ішінде облыс бойынша 285,1 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілді, – деді Ажар Қаджибекова.
Осылайша, жартылай ет фабрикаттары – 23,4%, жарма – 55,5%, балық және балық өнімдері – 32,9%, ұн – 15,7%, өсімдік майы – 9,6%, сары май – 19,6%, ірімшік пен сүзбе – 13,6%, кондитерлік өнімдер көлемі 8,7%-ға өсті.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер