A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 12:55 0

ШҚО-да былтыр екі астық сақтау қоймасы салынды

Бүгін / ШҚО

Белгілі болғандай, былтыр облыстағы егіс алқаптарының көлемі 616,9 мың гектарды құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы ақпаратынша, дәнді дақылдар 235,7 мың гектар, майлы дақылдар 259,1 мың гектар алқапта жиналды. 
– 2025 жылы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 24,140 млрд теңге субсидия бөлінді. Алтай ауданында «Мойылды-Байқоңыр» ЖШС-ның тауарлы-сүт фермасы пайдалануға берілді. Өскеменде «Алтай Май» ЖШС-ның май өңдеу зауыты іске қосылды. Ұлан ауданындағы «Агро Восток ЛТД» ЖШС 237 млн теңгеге жаңбырлатып суару машиналарын орнатты. Сондай-ақ былтыр Өскемен мен Алтайда екі заманауи астық сақтау қоймасы салынды. Зайсан ауданындағы «Әмір» шаруа қожалығында мың басқа арналған бордақылау алаңының құрылысы аяқталды, – деді басқарма  басшысы Ажар Қаджибекова.
Айта кетейік, былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 187 жоба 2,5 млрд теңгеге қаржыландырылып, 362 жаңа жұмыс орны құрылды. Тағы 3 млрд теңге бөліп, 305 жобаны іске асыру және 305 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив