A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 14:40 0

ШҚО-да биыл 10 мыңға жуық пәтер салынады

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Руфат Акрамов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның сөзінше, 2026 жылы 408,4 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. 
– Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін биыл 928,8 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 9,3 мың пәтер салынбақ. Жыл соңына дейін 321,3 мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үй, 87,1 шаршы метр жер үй, «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы арқылы баспаналар пайдалануға беріледі деп күтілуде, – деді Руфат Акрамов. 
Бұдан бөлек, 2026 жылы 4,2 млрд теңгеге 172 пәтер сатып алу жоспарланған. Бұл баспаналар 25 көпбалалы отбасы мен 147 халықтың әлеуметтік осал тобына жататын тұрғындарға беріледі. 

Қымбат МУХАМАДИЕВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив