Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша орынбасары Сәуле Зарлық мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Айтуынша, облыста жыл сайын «Өңірлік жұмыспен қамту» картасы жасалады. Былтыр бұл жоба аясында 28 000-нан астам жұмыс орны ашылды.
- Өңір бойынша жұмыссыздық деңгейі – 4,6%. Биыл да «Өңірлік жұмыспен қамту» картасы бекітілді. Сол арқылы 17 440 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Оның ішінде 13 000-нан астам тұрақты жұмыс, 4394 уақытша жұмыс орны құрылмақ. Еңбекке қабілетті 10 000 адамға 100 жұмыс орнын құру бағыты бойынша 4142 жұмыс орнын ашу ойда бар, - деді Сәуле Зарлық.
Анықталғандай, 3205 субсидияланатын уақытша жұмыс орны ашылмақ.
Пікірлер