A+ A A-

talgatzhan 0 2-02-2026, 09:30 0

Өскеменде бірнеше күннен бері ауа сапасы нашар

Бүгін / ШҚО

Облыс орталығында бес күн қатарынан сақталған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ШҚО Экология департаментінің мамандары «Қазгидромет» РМК және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен бірлесіп атмосфералық ауаның сапасына көшпелі мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Департамент тарапынан бақылау күн сайын жылжымалы зертхана көмегімен жүзеге асырылды. Өлшеулер санитариялық-қорғау аймақтарында және жеке тұрғын секторда негізгі ластаушы заттар бойынша жүргізілді:  азот тобы, көміртек оксиді, күкірт тобы және хлоридтер.

Сонымен қатар қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңінде өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірістік жүктемені 20–40 % төмендетуде.

- Атмосфералық ауаның жалпы жағдайына көлік құралдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар және пешпен жылытылатын жеке тұрғын сектор әсер етеді. Сондай-ақ екі гидроэлектр станциясының (ГЭС) болуы Ертіс пен Үлбі өзендерінің қыс мезгілінде қатпауына әкеліп, қалың тұманның пайда болуына ықпал етеді. Қыс мезгілінде жеке секторда қатты отынның (көмір мен ағаш) жағылуы күйе мен күлден тұратын ұсақ дисперсті бөлшектердің түзілуіне алып келіп, олардың ауада ұзақ уақыт қалқып тұруы салдарынан ауаның ластану деңгейіне елеулі әсер етіп отыр, - делінген ресми мәліметте. 

Қазір ауа сапасы орташа деңгейде бағалануда, облыс тұрғындарының денсаулығына қауіп жоқ. Бақылау жалғасуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив




Пайдалы


Руханият


Жұлдыз жорамал

{calendar}