A+ A A-

talgatzhan 0 2-02-2026, 09:40 0

ШҚО-да полицейлер шетелдік жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

Бүгін / ШҚО

30 қаңтарда Өскемен – Семей тасжолының 25 шақырымында жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, көрші елдің азаматы «Volvo» маркалы көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі ойысқа сырғып кетті.

- Оқиға орнына ШҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жетті. Тәртіп сақшылары қозғалысты реттеп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жағдайдың күрделенуіне жол бермеу шараларын қабылдады. 31 қаңтарда көлікті көтеру және эвакуациялау жұмыстары барысында қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Полиция қызметкерлері жол жағдайын бақылауды жалғастырып, жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз етті. Жүк көлігін көтеруге «ҚазАвтоЖол» АҚ қатысты, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында. 

Жол апатынан зардап шеккендер жоқ. Барлық жұмыс аяқталғаннан кейін аталған тасжол учаскесінде қозғалыс толық көлемде қалпына келтірілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив




Пайдалы


Руханият


Жұлдыз жорамал

{calendar}