A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 14:50 0

ШҚО-да бір жылда 600 келіден астам есірткі тәркіленді

Бүгін / ШҚО / Қылмыс

Өңір полицейлері былтыр 600 келіден астам есірткі тәркілеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бір жылда өңір бойынша есірткіге қатысты барлығы 273 қылмыс анықталған. Соның нәтижесінде заңсыз айналымнан 600 келіден астам есірткі түрлері, оның ішінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына аса қауіпті 7 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

- Есірткі тасымалының төрт негізгі арнасы мен тыйым салынған өсімдіктерді өсіру үшін пайдаланылған 11 фитозертхана жойылды. Есірткінің интернет арқылы сатылуына қарсы күреске ерекше назар аударылды. Осы жұмыстың аясында есірткіні жарнамалайтын 1271 онлайн-ресурс бұғатталды, - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар есірткі саудасы үшін пайдаланылған 5800-ден астам банк картасы мен шоттарды бұғаттау үшін материалдар жіберілді. Бұғатталған қаражаттың жалпы сомасы 117 млн теңге.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив