Бұған дейін көлік жүргізушілері республикалық маңызы бар тасжолдардың жағдайы мәз емес екенін айтқан еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл Өскемен – Риддер – РФ шекарасы, Өскемен – Семей, Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы, Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахмен қайнарлары бағытындағы жолдарда жөндеу жүріп жатыр. Кей учаскелердегі асфальт осы жылы жаңартылса, қалғаны келесі жылға қалдырылды.
- 1 қарашаға дейін Өскемен – Семей автожолының 18 шақырымдық учаскесін (Тавриядан Семейге қарай) қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ бұл жер Өскемен – Риддер тасжолының 0-ден 10 шақырымға дейінгі және 10-нан 30 шақырымға дейінгі бөлігі саналады. Ауа райына байланысты жұмыстың аяқталу мерзімі өзгеруі ықтимал, – деп түсіндірді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ШҚО бойынша филиалы.
Пікірлер