A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 16:05 0

ШҚО-да құс фабрикасын салу жоспарланып отыр

Бүгін / ШҚО

Облыста тауық жұмыртқасын өндіру жолға қойылмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде «ALATAU QUS» құс фабрикасын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Жобаның бастамашысы — «Ramazan Qus» ЖШС.
- Жоба заманауи, жоғары технологиялы кәсіпорын құруға бағытталған. Фабрика қолжетімді ақуыз өнімдеріне деген сұранысты ескере отырып, ішкі нарықты тұрақты түрде қамтамасыз етеді деп жоспарлануда, - деді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері. 
Өндірістік кешен сегіз өнеркәсіптік корпус пен жас құсты өсіруге арналған екі корпустан тұрады. Әр өндірістік цех 70 мың басқа есептелген. Болашақ құс фабрикасының жобалық қуаты жылына 170 миллион жұмыртқаны құрайды.
- Қазір инвестор құрылысқа арналған жер телімін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жобаны іске асыру мерзімі 2027 жылға жоспарланған, — деді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Жаннат Көшерова.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив