A+ A A-

talgatzhan 34 Кеше, 16:50 0

ШҚО-да жаңа жылыжай кешені ашылады

Бүгін / ШҚО

Облыста ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейту жалғасады. Осы бағытта Ұлан ауданында тағы бір жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жылыжай жобасының құрылысын «Донское агрокешені» ЖШС қолға алды. Кешенде үй ішіндегі көкөністерді, яғни қызанақ пен қияр өсіру жоспарлануда. Жобалық өндіріс қуаты жылына 250 тоннаны құрайды.
- Қазір 1,5 гектар жерде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазандық сатып алынып, жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Нысан 2026 жылдың соңында ашылады, - деді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Жанат Көшерова. 
Жоба жергілікті жерде өсірілген көкөністердің нарықтық үлесін арттырып, аймақтың импорттық өнімдерге тәуелділігін азайтады деп күтілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив