«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Esbol qory» қорының еріктілерімен және қоғам белсенділерімен бірлесіп, есірткі граффитилерін бояу акциясын өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Еріктілерге есірткі қылмысының алдын алу мәселелері бойынша нұсқаулық беріліп, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын насихаттау және заңсыз жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірілді.
Блогерлер Арслан Дәуітбек пен Заңғар Әмерханов акцияға белсенді қатысып, ақпараттық қолдау көрсетіп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде қалалық инфрақұрылым нысандарында орналасқан есірткі дүкендерінің мекенжайлары мен QR-кодтары жазылған 40-қа жуық граффити мен 30 жапсырма жойылды. Есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалау фактісі бойынша бір қылмыстық іс қозғалды.
Пікірлер