A+ A A-

talgatzhan 22 Бүгін, 11:15 0

ШҚО-да ақпан айында ауа райы қандай болады?

Бүгін / ШҚО

Синоптиктердің сөзінше, осы ай салыстырмалы түрде жылы болады, бірақ жауын-шашын көлемі артады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алғашқы онкүндікте елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасының қысқа мерзімді көтерілуі күтілуде. Түнде сынып бағанасы -2 градустан -10 градусқа дейін жетеді. Онкүндіктің соңында күн қайта суытып, ауа температурасы -18-градустан -28 градусқа дейін төмендейді. 

- Елдің шығысында ең суық күндер бірінші және екінші онкүндіктерде болады деп болжануда. Түнгі температура -21 градустан -30 градусқа дейін, таулы аймақтарда -35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, - делінген «Қазгидромет» РМК мәліметінде. 

Дегенмен екінші және үшінші онкүндіктің кейбір күндері температура қайта көтеріледі. Жауын-шашын нормадан жоғары болады деп болжануда. Бұдан бөлек, тұман, көктайғақ және қатты жел күтіледі.


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив