A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 11:30 0

Берлин тұрғындары ШҚО бюджеті есебінен шоколад жейтін болды

Бүгін / ШҚО

Облыстың Туристік ақпараттық орталығы Германияда өтетін Berlin 2026 халықаралық көрмесіне қатысу үшін мердігер іздеп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл сапарға облыс бюджетінен шамамен 12 миллион теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратқа сенсек, жобаның негізгі мақсаты – Шығыс Қазақстан туризмі мен имиджін әлемдік нарықта паш ету.

Мердігер делегацияның жол шығынын, қонақүйін, аудармашысын тауып беріп, іскерлік кездесулерді ұйымдастыруы керек. Сонымен қатар көрмеге арналған 4K форматтағы таныстырылымдар әзірленіп, ағылшын тілінде жарнамалық материалдар көрсетіліп, ұлттық өнімдердің дәмін татады. Көрме жұмысы БАҚ-қа жарияланып, соңында арнайы бейнеролик дайындалады.

Берлиннен келген туристер құрт, жент, бал, жаңғақ, бал сусыны және «Қазақстан» шоколадынан ауыз тиеді. Сондай-ақ қонақтарға ұлттық нақыштағы брелоктар, шағын киіз үйлер секілді кәдесыйлар, түрлі өнім салынған сыйлық жиынтықтары мен «ШҚО-ның үздік туристік орындары» көрсетілген карта берілмек. 

Бұдан бөлек, келушілерге VisitEastQazaqstan логотипі бар пакеттерге салынған ақпараттық материалдар ұсынылады. Олардың ішінде ағылшын тіліндегі демалыс карталары, туризмге арналған буклеттер бар. Ол буклеттерде белсенді демалыс, экотуризм, аңшылық, археология мен  емделу бағыттары бойынша мәліметтер жазылып тұр.

Көрмеге Туристік ақпараттық орталық пен өңірдегі туристік бизнес өкілдерінен құралған шамамен 10 адамдық делегация барады.

Алайда құжаттарда бұл сапардан нақты қандай нәтиже күтілетіні көрсетілмеген. Яғни, келісімшарттар жасала ма, туристер саны арта ма – бұл жағы белгісіз. Осыдан көрмеге қатысу формальды шара болып қалмай ма деген сұрақ туындайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив