Соның бірі Катонқарағай ұлттық паркінде өсетін Людвиг ирисі (Iris ludwigii), деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
1880 жылы белгілі ботаник Карл Максимович бұл өсімдікке Алтай өңірінің флорасын зерттеген Юлий Людвиг есімін берген.
1926 жылдың 1 тамызында В. Верещагин жинаған осы ирис гүлінің гербарий үлгісі қазір Ресейдің Новосибирск қаласындағы Орталық Сібір ботаникалық бағы қорында сақтаулы.
Ал 1928 жылдың 3 маусымында Катон-Қарағай аумағында Г. Сумневич жинаған тағы бір үлгі АҚШ-тағы Гарвард университетінің коллекциясына енгізілген.
Бұл өсімдік Қазақстанның Қызыл кітабына енген және ерекше қорғауды қажет етеді.
Сөйтіп, Катонқарағайда өсетін гүл әлемдегі ең беделді университеттердің бірінде сақталуы тұр. Бұл ел табиғатының бірегей әрі құнды екенін көрсетеді.
Пікірлер