A+ A A-

talgatzhan 46 Бүгін, 12:50 0

ШҚО-да жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатыр

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Рауан Тұрысбек мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның айтуынша, қазір 3 электр станциясы мен 34 орталықтандырылған қазандық  өңірді жылумен қамтамасыз етіп отыр. Тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау жұмыстары да уақтылы аяқталды.
– Барлық нысан толықтай жылумен қамтылды. Атап айтқанда, 513 білім беру нысаны, 314 денсаулық сақтау мекемесі, 12 әлеуметтік қорғау нысаны және 3085 көпқабатты тұрғын үй жылуға қосылды, – деді Рауан Тұрысбек.
Сондай-ақ жылыту маусымында төтенше жағдайлар қызметінің дайындық деңгейі, қажетті материалдармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі тұрақты бақылауда болады.
– Қалалық және аудандық әкімдіктердің мәліметіне сүйенсек, тұрғындарға 452 мың тонна көмір жеткізілді. 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық пен жөндеу жұмыстарына 37,7 млрд теңге бөлінді. Жылыту маусымының барысы үнемі бақылауда, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив