Жақында облыс әкімдігінде Инвестициялық штабтың отырысы өтті. Оның басты мақсаты — инвесторларға барынша көмек көрсету, бюрократиялық кедергілерді жою, жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша қолдау, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың айтуынша, инвестиция тарту көрсеткіші бойынша Шығыс Қазақстан Алматы мен Астанадан кейінгі үшінші орында тұр. Ал іске аспаған жобаларды инвестициялық пулдан тұрақты түрде алынып отырады.
– Өткен жылдың қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1,6 млрд долларға жетті. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда үш есе көп. Ал 12 айдағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 838,1 млрд теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 8,3%-ға өсті. Бұл бизнестің сенімі мен өңір экономикасының тұрақтылығын көрсетеді, – деді Жақсылық Омар.
Айта кетейік, қазір Жалпыұлттық инвестициялық пулда 65 жоба бар. Оның ішінде 105,5 млрд теңгені құрайтын 18 жоба іске қосылып, 1128 жұмыс орны ашылды. Ал 1,7 трлн теңгеге қалған 47 жоба іске асырылуда. Тағы 7390 жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
Сондай-ақ Инвестициялық штаб отырысында жеті жаңа жоба қаралды.
Пікірлер