Тәртіп сақшылары қыста және көктемде саяжайда ұрлық фактілерінің көбейетінін еске салды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Саяжайларда құнды заттарды, тұрмыстық техниканы және құрал-саймандарды қалдырмаған жөн. Есікке құлып орнатып, терезеге тор қою керек. Сондай-ақ қозғалыс датчиктері мен бейнебақылау камераларын орнату қажет, - деді Глубокое аудандық полиция бөлімінің бастығы Раджан Давлетов.
Көршілермен байланыста болу да өте маңызды. Себебі кейбір адамдар саяжайларда жыл бойы тұрады.
Пікірлер