Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірдегі су айдындарында өткен 1350 рейдтік және түсіндіру шаралары барысында азаматтарға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Бұдан бөлек, мұзға шыққан 44 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ШҚО ТЖД өкілдерінің сөзінше, мұздың қауіпсіз қалыңдығы - 10 см. Балық аулайтындарға құтқару кеудешесін, арқан, байланыс құралдарын алып жүру ұсынылады. Сондай-ақ шұңқырлар мен ойықтарға жақындауға, көлікпен мұзға шығуға тыйым салынады.
Құтқарушылар азаматтарды мұқият болуға, өзінің және өзгерлердің өміріне қауіп төндірмеуге шақырады.
Төтенше жағдайда 112 нөмірі хабарласу керек.
Пікірлер