Алтай аудандық сотында төтенше жедел қызметтерге бірнеше рет жалған қоңырау шалу фактісі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық істі қарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, 2025 жылдың 2 желтоқсанында ер адам Алтай қаласындағы өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалып, Баяновск ауылында үй өртеніп жатыр деп хабарлаған. Алайда оқиға орнына келген қызметкерлер өрттің ешқандай белгісі болмағанын анықтады.
- Сот істі қарап, ер адамның бұған дейін де ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша жауапкершілікке тартылғанын анықтады.Кінәсін мойындауы мен істің мән-жайын ескере отырып, сот құқықбұзушыға 40 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады, - делінген ресми ақпаратта.
Пікірлер