Бүгін Республика күні қарсаңында ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ғимаратында “Қазақ тілі” кабинеті ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шараға ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен ШҚО Мәдениет басқармасы ШҚ лингвистикалық орталығы мұрындық болды. Кабинет ҚР тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында екі мекеме арасында жасалған мемарандум аясында жұмысын бастады.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай игі шараның мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, сот қызметкерлерінің іс жүргізудегі біліктілігін көтеру мен мемлекеттік тілде іс жүргізудің сапасын арттыру.
Ашылу салтанатында ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты төрағасының міндетін атқарушы Төлеген Тұрғамбаев пен Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының директоры Әсемгүл Абзалова аталған кабинеттің мемлекеттік тілді дамытудағы рөліне тоқталып, жылы лебіздерін білдірді.
Пікірлер