Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, 2025 жылы Қазақстанда электр энергиясын тұтыну өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға өсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ал Шығыс Қазақстанда өсім 1%-ға жеткен.
– Бұл өсім, ең алдымен, өнеркәсіп пен кәсіпкерліктің дамуына байланысты. Дегенмен тұрмыстық шаруашылықта электр энергиясының шамамен 10-12%-ы кетеді. Ел бойынша динамика аймақтарға байланысты өзгеріп отырады. Ең жоғары көрсеткіштердің бірі Атырау облысында тіркелді, онда тұтыну 13%-ға өсті, – деді Сұңғат Есімханов.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан электр энергиясын импорттауға тәуелділігін біртіндеп азайтып жатыр. 2024 жылы тапшылық 2,1 млрд кВт/сағ болса, 2025 жылы ол 1,5 млрд кВт/сағ дейін төмендеді. 2026 жылы бұл көрсеткіш 1 млрд кВт/сағ-тан азға дейін төмендейді деп болжануда.
Пікірлер