Облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» автожолында үш жеңіл көлік жолаушыларына көмек қажет болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, құтқарушылар жолда қалған азаматтарды эвакуациялаған. Барлығы 10 адам, оның ішінде екі бала жақын маңдағы елдімекенге жеткізілді.
Зардап шеккендер жоқ. Ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеді.
Пікірлер