Мамандар болжамынша, Глубокое, Зайсан, Тарбағатай және Ұлан аудандарының тұрғын үйлеріне су басу қаупі төнуі мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сондай-ақ Алтай, Самар және Үлкен Нарын аудандары аталды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жалғыз тұратын зейнеткерлерге және қиын жағдайда қалған тұрғындарға аула аумақтарын қардан тазалауға көмектесуде.
– Ұлан ауданының Герасимовка ауылында жалғыз тұратын зейнеткердің ауласы мен арығын қардан тазалап, арнайы материалдар дайындауға көмек көрсетілді. Оның үйі су тасқыны қаупі бар аймақта орналасқан, – деді ШҚО ТЖД өкілі.
Пікірлер