Бұл туралы ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сауле Слямғазина мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл өңірде ЖРВИ бойынша 200 863 сырққаттану жағдайы тіркелген. Аталған көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,74 есе көп. Ал тұмаумен 228 адам ауырған. Бұл былтырмен салыстырғанда 5,6 есеге артық.
- Сырқаттану деңгейі көпжылдық бақылау негізінде есептелген көрсеткіштен аспайды. Алайда біз облыс тұрғындарына уақтылы вакцина алып, аурудың алдын алуға кеңес береміз, – деді Сауле Слямғазина.
Келесі эпидемиялық маусымға дайындық аясында өңірге тұмауға қарсы 75 мың доза вакцина жеткізілді. Ол қазір халыққа қолжетімді. Айта кету керек, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер мен қарттар, диспансерлік есептегі балалар мен ересектер және тәуекел тобындағы адамдарды вакцинациялауға ерекше назар аударылады.
Пікірлер