A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 13:30 0

ШҚО-да полицейге тоқтамаған жүргізуші жауапқа тартылды

Бүгін / ШҚО

Оқиға 20 ақпан күні сағат 19:30 шамасында «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» бағытындағы тасжолда тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Мәлім болғандай, Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі қозғалысқа енгізілген шектеуге байланысты қойылған полиция бекетін елемей, заңды талапқа бағынбай өтіп кеткен.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 667-бабы (құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция департаменті мәліметінше, аталған жол учаскесінде қозғалысты шектеу ауа райы қолайсыздығына, жол-көлік оқиғалары қаупінің артуына және басқа да қауіп төндіретін факторларға байланысты қабылданған.

Мұндай жағдайда полиция талаптарын елемеу жүргізушінің өз өмірі мен денсаулығына ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндіруі мүмкін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив